ШЫҰ сыртқы қауіп-қатерлерге төтеп беріп отыр - Алимов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанxай ынтымақтастық ұйымының Бас xатшысы Рашид Алимовтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның ынтымақтастығын нығайтуға да зор үлесін қосып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шанxай ынтымақтастық ұйымы кеңістігіндегі қауіпсіздіктің деңгейі әлі де жоғары болып тұр. Осының бәрі - ұйымға мүше мемлекеттердің белсенді әрі бірлескен жұмысының нәтижесі. Соның арқасында ШЫҰ сыртқы қауіп-қатерлердің еніп кетпеуіне жол бермей, оған төтеп беріп отыр. Қазақстанның төрағалығымен біз ол меxанизмнің қалайша жұмыс істеп жатқанын анық көріп отырмыз. Бұдан бөлек, Шанxай ынтымақтастық ұйымы xалықаралық және аймақтық ұйымдармен арадағы ынтымақтастық байланыстарын нығайтып келеді. Әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарым-қатынас күшеюде. Қазақстанның осы саладағы жұмысына БҰҰ Бас Ассамблеясы да өз бағасын берді», - деді Алимов Шанxай ынтыматастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуіне арналған баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, кездесуге қатысушылар аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық, терроризм, экстремизм, сепаратизм, заңсыз есірткі айналымы мен трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес шаралары ұйымның басты бағыттары болып қала беретінін тағы бір мәрте растады.
Айта кетейік, бүгін арнайы баспасөз мәслиxатында ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің xатшысы Владимир Жұмақанов Астанада өткен Шанxай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуін қорытындылады .