ШЫҰ тарихында алғаш рет мектеп оқушылары ұлттық үйлестіруші болды (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 22 сәуірде Бейжіңде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Хатшылығында алғаш рет «ШЫҰ үлгісі» интерактивті ойыны өткізілді.

ШЫҰ тарихында алғаш рет мектеп оқушылары ұлттық үйлестіруші болды (ФОТО)

Мұндағы басты тұлғалар ҚХР-дағы РФ елшілігі жанындағы орта мектептің жоғары сыныптарында оқитын ШЫҰ мүше-елдер азаматтарының оқушылары болды.

Интерактивті ойынға қатысушыларға арнаған сөзінде ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов: «ШЫҰ үлгісінің» басты құндылығы оның Ташкентте болатын мүше-мемлекеттер басшылары Кеңесінің мерейтойлық отырысы, оның аясында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы құрылғандығының 19 жылдығы атап өту қарсаңында өткізілуінде, - деді.

«Екі ай бойы жоғары сынып оқушылары өз ұстаздарымен бірге дипломаттардың көмегімен ШЫҰ-ның қалыптасуы тарихы мен дамуы жолдарын зерттеуде үлкен жұмыстар атқарды. Интерактивті ойындар барысында балалар ШЫҰ мұше-мемлекеттер үйлестірушілері ролін атқарды, оқушылар терең білімдерін, шешендік өнерлерін, күрделі мәселелерді шешуде консенсус таба білетіндіктерін көрсетті»,-дейді Рашид Алимов.

Бұл шараға белсене қатысқан оқушылар мен олардың ұстаздары ШЫҰ Бас хатшылығының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

2 3 4 5 6 7 8 9 0