«ШЫҰ терроризмге қарсы күресте өзінің салмақты сөзін айтуы тиіс» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 25 мамыр, сәрсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты. Бұл жолғы басқосудың басты міндеті алдағы маусым айында Өзбекстан Республикасының астанасында өтетін ШЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшыларының саммитіне дайындық болды. Отырыс барысында министрлер 2015 жылы Уфа қаласында мүше мемлекеттердің басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру жөнінде пікір алмасты. Уфа саммитінен кейін ШЫҰ-ның жұмысын одан əрі жетілдіру, Ұйым шеңберінде саясат, қауіпсіздік, экономика жəне гуманитарлық байланыстар салаларында нəтижелі іс-қимылдарды нығайту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғаны туралы айтылды. Осы жайында «ШЫҰ терроризмге қарсы күресте өзінің салмақты сөзін айтуы тиіс» деген мақаладан толық оқи аласыздар.

Бас басылымда «Қазақстан - жаһандық сауданың сын-қатерлерін жеңіп келе жатқан ел» атты мақала жарияланды.

«Былтыр мен Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі туралы кездесулердің тарихи аяқталуын атап өту жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеген едім. Қазір ДСҰ-ның 162-ші мүшесі ретінде Қазақстан көпжақты сауда жүйесінің белсенді қатысушысына айналды. Ел күрделі жаһандық экономикалық жағдайларға қарамастан, өзінің сауда әлеуетін толығымен іске асыруға ұмтылуда. Мен елдің осы бағытта жұмсайтын күш-жігерін талқылау, сондай-ақ, оның алдағы уақыттағы сыртқы тауар айналымына оң ықпал ету мүмкіндігін қарастыру мақсатында Астанаға арнайы сапармен келгелі отырмын»,-дейді ДСҰ-ның Бас директоры Роберто Азеведо.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан, сонымен бірге, Дүниежүзі­лік банктің соңғы жыл сайынғы есебінде бизнесті жүргізу шарттарының қолай­лы­лығы бойынша өз рейтингін жақсартса, онда өткен жыл бойы елде бизнесті қолдауға бағдарланған көптеген реформалар қабыл­данғаны аталып өтті. Қазақстан іскерлік ортаны жақсарту үшін қабылдай ала­тын тағы бір маңызды қадам ДСҰ-ның Сауда-сат­тық рәсім­дерін жеңілдету бойынша жаңа келісім (СРЖК) енгізуі болып табы­лады.

«Менің ал­дағы сапарым кезінде ел­дің келісімді ратификациялағаны тура­лы құжаттың маған тап­сырылатынына өте қуа­ныш­тымын. Жаһандық деңгейде СРЖК экспорт көлемін жылы­на 1 трлн. АҚШ доллары­на ұлғайта алса, бұл өз кезе­гінде бүкіл дүниежүзі бойынша қал­ған барлық кедендік баж салығын алып тас­тауға үлкен септігін тигізетін болады. Ал келісім Қазақстанның өзіне де үлкен тиімділік әкеле­ді. Біздің бағалауларымыз бойынша, СРЖК-ні толықтай жүзеге асыру Қазақстанның сауда шығындарын шамамен 15 пайызға азайта алады. Бұл елдің сауда-саттық перс­пек­тивалары үшін үлкен маң­ызға ие, өйткені, компания­ларға сау­да-саттықтарын бастау үшін кедер­гілерді төмендетеді»,-дейді ол.

***

«Айқын» газетінде «Басы тәтті, аяғы қатты» деген көлемді мақала берілген. Автор Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы өнерін дәл осылай бағалар отыр.

Өткен жексенбі күні шайбалы хоккейден әлем чемпионаты аяқталғаны белгілі.

«Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербор қалаларында жалауы желбіреген жарыста 16 мемлекеттің ұлттық құрамалары бақ сынап, солардың арасынан қай команданың қай межеге дейін жеткені жайында біз бұған дейін де сан мәрте баяндаған едік. Ал бүгінгі мақаламызды осы дүбірлі доданың тарихына қысқаша тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз»,-деп жазады газет.


***

«Казахстанская правда» газетінде «Грани дружбы с аравийской монархией» деген мақала берілген. Кеше Астанада Қазақстан мен Катар мемлекеті арасындағы екіжақты ынтымақтастық жайында ҚР-дың Катардағы Төтенше және Өкілетті елшісі Асқар Шоқыбаев жан-жақты баяндап берді. Екі ел арасындағы жаңа жобалар мен сауда-саттықты дамытудың жаңа қадамдары жайында толық білгілеріңіз келсе, осы мақалаға көз жүгіртіңіздер.

Соңғы жаңалықтар