ШЫҰ үкіметтері басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 12 құжат қабылданды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкекте өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің 15-ші мерейтойлық отырысының қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Бішкектен «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары мына құжаттарға қол қойды:
1. Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкіметтері басшылары (премьер-министрлері) кеңесінің шешімі:
2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын жүзеге асыру барысы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының есебі туралы.
3. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2015 жылға арналған бюджетін орындау бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының қаржылық есебі туралы.
4. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2017 жылға арналған бюджеті туралы.
5. Шанхай ынтымақтастық ұйымының тұрақты жұмыс істеп тұрған органдарының қаржы-шаруашылық қызметінің сыртқы аудитін жүргізу бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы аудиторлар комиссиясының баяндамасы туралы.
6. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Шанхай ынтымақтастық ұйымы Даму Банкі мен Даму қорын (Арнайы есепшот) құру бойынша одан әрі жасалатын жұмыс туралы.
7. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2017-2021 жылдар кезеңіне арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында жобалау қызметін одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар тізбесі туралы.
8. Шанхай ынтымақтастық ұйымының ғылыми-техникалық әріптестігінің тұжырымдамасы туралы.
9. 2016-2020 жылдар аралығы кезеңіне арналған ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары туралы.
10. Шанхай ынтымақтастық ұйымының жолдарды дамыту бағдарламасының жобасы туралы.
11. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының жаңа құрылымы туралы.
12. Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығының жаңа штаттық кестесі туралы. Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемдекеттер үкіметтері басшыларының кеңесінің отырыстары қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.