ШЫҰ-ына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 14-ші отырысы Қытайда өтеді

«Бүгінгі отырыс барысында біз ШЫҰ-ына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 14-ші отырысын Қытайда өткізу туралы шешім қабылдадық», - деді ол. Сонымен қатар ол алқалы жиын барысында лаңкестік пен экстремизм сияқты қазіргі заманның ең қауіпті құбылыстары бүгінде халықаралық сипат алғанын және олардың әскери, экономикалық қуаты мен діни сеніміне қарамастан, еш мемлекетті айналып өтпегенін атап айтты. Оның атап өтуінше, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау нәтижесінде ШЫҰ-ына мүше мемлекеттер бас прокурорлары өзара құқықтық көмек көрсету мәселері, прокурорлық қызметтің негізгі бағыттары жөнінде тәжірибе алмасуды жалғастыру, әртүрлі трансұлттық қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру жөніндегі ұтымды шараларды қолдау бойынша халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру жөніндегі отырыс хаттамасына қол қойылған.