ШЫҰ және БЭК аясында бірлескен дағдарысқа қарсы іс-шаралар жүргізіледі - К.Мәсімов
«Осыдай екі күн бұрын ШЫҰ қабылдаған шешімнің маңызы аса зор деп ойлаймын. Біз дағдарыстың салдарларымен күреске бағыталған іс-әрекеттерімізді үйлестіріп, кеңес беруде түбегейлі шешімге келдік. Екіншіден, біз туындаған мәселелерге шұғыл әрекет ету үшін қандайда бір шаралар қолдануымыз керек. ШЫҰ елдерінде экономика министрлері деңгейінде жұмыс топтары құрылды, олар қазірдің өзінде тиесілі кеңестерін берумен айналысып жатыр», - деп атап өтті К.Мәсімов, деп жазады pm.kz.
Бүгін Астанада Қазақстан даму Банкінің 10-жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өтіп жатқанын еске саламыз. Конференция тақырыбы: «Экономиканы жаңғырту мақсатында инвестицияларды ынталандыру. Жаңа жағдайлар». Бұл шараға 20 елден 250 делегат қатысып отыр. Олардың қатарында инвестициялық банкирлер, ірі кәсіпорындардың, сондай-ақ ведомства мен министрліктердің басшылары бар.