21:32, 24 Маусым 2016 | GMT +5
ШЫҰ Жердің жарты аумағын қамтиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің басты күнінің шараларына қатысты. Оның қорытындысы бойынша Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ талаптарына сай бір жыл ішінде тиісті нормативтік базаны қалыптастыру міндетін өзіне алу туралы Декларацияға қол қойылды.

Толығырақ "Комсомольская правда" радиосының эфирінде Ташкенттегі тілші Дмитрий Смирнов баяндады.
"Келесі жылы ШЫҰ екі жаңа мүшемен толығады деп айтуға болады, бұдан кейін ШЫҰ Жердің жарты аумағында орналасқан елдерді біріктірмек", - деп хабарлады тілші.
Ұйымда шамамен 4 млрд адам болмақ, деп хабарлады Утро.ру
Смирнов Владимир Путин Үндістан мен Пәкістанның ұйымға қосылуы алға басқан үлкен даму болатынын айтқанын жеткізді. Ал жиын Ташкентте өткендіктен, саммит қожайыны болып есептелетін Өзбекстанның президенті Ислам Каримов бүгін Ташкентте тарихи оқиға болғанын айтты.