Си Цзиньпин Бейжіңде Ким Чен Ынмен келіссөздер жүргізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сейсенбі күні Бейжіңде ҚХДР лидері Ким Чен Ынмен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Си Цзиньпин Бейжіңде Ким Чен Ынмен келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері және Корей түбегіндегі жағдайға қатысты ашық пікір алмасты.
Олар ҚХР мен ҚХДР арасындағы қарым-қатынастарды дамытып, нығайта түсуге, Корей түбегінде бейбітшілік пен тұрақтылықта қалыптастыруға ықпал етуге, бүкіл әлемде және өңірде тұрақтылық пен жаңғыру үдерісіне үлес қосуға келісті.