Си Цзиньпин ІІ Дүниежүзілік соғыстың тарихын бұрмалауға қарсы шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ІІ Дүниежүзілік соғыстың тарихын жоққа шығаруға, бұрмалауға, қайта жазуға бағытталған кез келген әрекетке наразылық танытты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Си Цзиньпин ІІ Дүниежүзілік соғыстың тарихын бұрмалауға қарсы шықты

«Тарихты ұмыту бұл сатқындық. Ағымдағы жылы БҰҰ-ның құрылғанына және дүниежүзілік фашизмге қарсы соғыстың аяқталғанына 70 жыл толды. БРИКС елдері барлық бейбітшілік сүйгіш елдермен және халықтармен бірлесіп, ІІ Дүниежүзілік соғысы тарихын жоққа шығаруға, бұрмалауға, қайта жазуға табанды түрде қарсы шығуы тиіс», - деді Си Цзиньпин Уфада өткен БРИКС мемлекеттері көшбасшыларының кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар ол БРИКС елдері бірлесе отырып, Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысына қатысты халықаралық әділдіктің әрі тең құқылықтың орын алуына табанды түрде күресуге шақырды.

«Бірлесе тарихтан сабақ алуымыз, қырғи қабақ соғысты еңсеруіміз, нөлдік нәтиже ойындарынан бас тартуымыз қажет. Бірлесе, әлемді қорғап, өңірдегі және бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауымыз қажет. Серіктестік қарым-қатынасты жолға қоюға тиіспіз», - деді С.Цзиньпин.