Си Цзиньпин: Қытайдағы мемлекеттік БАҚ оқиғаны «оң» жағынан жариялауы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Қытай Компартиясының жолын қатаң ұстанып, оқиғаны «жағымды» таратуға дағдылануы тиіс. "Жэньминь жибао" газеті жазғандай, бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин хабарлады.

Си Цзиньпин: Қытайдағы мемлекеттік БАҚ оқиғаны «оң» жағынан жариялауы тиіс

«ҚКП басқаруындағы барша БАҚ компартияның еркіндігі мен оның ұсынысын партияның жұмылуы мен беделін қорғай отырып жеткізуі тиіс», - деп мәлімдеді жұма күні Қытайда жетекші БАҚ штаб-пәтеріне өткен симпозиумда ҚХР төрағасы. Оның айтуынша, мемлекеттік БАҚ «ҚКП ОК партиялық идеологиясымен, саяси ой-пікірімен хабардарлығын арттыруы» қажет. «Партияға адамдардың рухани баюын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс», - деп мәлімдеді Си Цзиньпин.

«Журналистер арасында тілшілерді Қытай компартиясы ұсынған ұсыныстар мен саясатты таратушы ету, теңдік пен әділдікке ықпал ету үшін марксистік журналистиканы зерделеуі көтермеленуі тиіс», - деп атап өтті қытайлық көшбасшы.

«Журналистиканың өмірі шындықты жеткізуден тұрады, факті шындыққа негізделгені маңызды. Фактіні дәл бере отырып журналист болып жатқан оқиғаның жалпы жағдайын көрсете білетіндей ой-өрісі кең болуы қажет», - деп санайды ҚХР төрағасы. «БАҚ проблемалар мен әлеуметтік ауруларға қарсы тұрып, жақсылықты дәріптеп, жамандықты сынға алуы тиіс», - деп өз сөзінде қытайлық көшбасшы бағалау материалдарын дайындау кезінде нақты фактілер мен объективті талдау келтіру маңыздылығына тоқталды.