Си Цзиньпин: Қытайлық үлгідегі социализм жаңа кезеңге қадам басты

«Партия барша Қытай халқының басын біріктіріп, оларды орта дәулеттілер қоғамын құруға жетелеу қажет және Қытайлық үлгідегі социализм жаңа дәуірге қадам басу кезінде жетістікке қол жеткізу керек», - деді ол.
Си Цзиньпин Қытайдың дамуды жалғастыруға стратегиялық мүмкіндігі бар екенін, бірақ бұл жолда елдің елеулі қиындықтарға тап болатынын мәлімдеді.
«Ішкі ахуалдың да, шетелдегі жағдайдың да үнемі күрделі жағдайында біздің ел дамуды жалғастыру үшін маңызды стратегиялық мүмкіндіктерге ие. Біздің болашағымыз жарқын, алайда сын-тегеуріндер де жоқ емес», - деп айтты ол.
Форумға 2,3 мың делегат қатысып жатыр. Съезд 24 қазанға дейін жалғасады, онда соңғы бес жыл ішіндегі партия жұмысының нәтижелері қаралады. Сондай-ақ, Қытайдағы және басқа елдердегі қоғамдық-экономикалық және саяси ахуал талқыланады.