Си Цзиньпин төрт тармақтан тұратын бейбіт даму жоспарын ұсынды
«Барлық елдер өздерінің даму әлеуетін нығайтуы, қоршаған ортаны қорғауды жақсартуы, сонымен бірге дамыған және дамушы елдер арасындағы әріптестікті оңтайландыруы, ал жалпы дамуды үйлестіру тетігі нығайтылуы тиіс», - деп мәлімдеді ҚХР Төрағасы.
Ол барлық елдерді саммитте бекітілген міндеттерді орындауға шақырды.
Дамуы төмен елдерге 12 млрд. доллар көмек
2030 жылға қарай Қытайдың нашар дамыған елдерге көмегінің жалпы көлемі 12 млрд. долларды құрайды. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин БҰҰ-ның орнықты даму саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Қытай 2015 жылға белгіленген даму мақсаттарына қол жеткізу үшін дамушы елдерге көмекке Оңтүстік-Оңтүстік желісі бойынша ынтымақтастықты қолдау үшін 2 млрд. доллар ұсынады. Қытай нашар дамып отырған елдерге инвестицияларды ұлғайта отырып, 2030 жылға қарай қолдау көлемін 12 млрд. долларға дейін жеткізуге ниетті», - деп мәлім етті ол.
«Қытай нашар дамыған және шағын мемлекеттер үшін 2015 жылдың соңына белгіленген несиелерді өтеу мерзімін ұзартады», - деді ол және «қысқа мерзімде Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен ынтымақтастықты дамыту» қажеттігін атап көрсетті.
Өз сөзінде Си Цзиньпин инновациялардың маңызын атап өтті. «Барлық елдер инновацияларға ұмтылуы, даму үшін есіктерін айқара ашуы тиіс», - деді ол.
Қытай таза энергия көздерінің жаһандық желісін құруды ұсынады
Си Цзиньпин елдердің таза энергия көздеріне қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаһандық энергетика желісін құруды ұсынды.
«Қытай елдер арасында олардың ұлттық жағдайларына сәйкес келетін даму тәжірибесімен алмасу және зерттеулерді жеңілдету мақсатында білімді дамыту халықаралық орталығын құрады», - деді ол.
«Қытай сондай-ақ елдердің таза баламалы энергия көздеріне сұранысын қанағаттандыру жөніндегі міндетті жеңілдету үшін жаһандық энергетикалық желі құруды ұсынады», - деп қосты ҚХР төрағасы.
Ол сондай-ақ дамушы елдердің тұрақты өсімін қамтамасыз ету мақсатында Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі мен БРИКС Даму жаңа банкі ауқымында басқа елдермен ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін білдірді.