Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы саммитінде Джо Байденмен кездеседі
АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин 15 қарашада Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы саммиті (АТЭС) аясында кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Каzinform.
“Президент Джо Байден Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен 15 қараша күні Сан-Францискода кездеседі” - делінген хабарламада.
Бұл - АҚШ және Қытай көшбасшыларының екі жылдағы бетпе-бет өтетін алғашқы келіссөздері болмақ.
CNN хабарлауынша, мемлекет басшылары Израильдегі жағдайды және климаттық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
АТЭС саммиті – АТЭС елдері басшыларының жыл сайынғы саммиті.
Биылғы жылы ол 11-17 қараша күндері Сан-Францискода өтеді. Шараның тақырыбы - “Барлығы үшін өміршең және тұрақты болашақ құру”
Ұйымға 21 мемлекет, соның ішінде Қытай, Ресей және АҚШ кіреді.