Си Цзиньпин қазақ балаларын Қытайға оқуға шақырды

бала
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қытай төрағасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Әуежайдағы қарсы алу салтанатында бірнеше қазақ баласы Қытай төрағасына арнап қытай тілінде ән шырқап, жылы лебізін жеткізді.

бала
Фото: Ақорда

ҚХР төрағасы балаларға ризашылығын білдіріп, болашақта Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алуға шақырды.

Си Цзиньпин
Фото: Ақорда

«Баршаңызға рахмет! Болашақта Қытай университеттеріне оқуға түсіңіздер, мәселен Цинхуа немесе Бейжің университетіне, кез келген оқу орнына келіңіздер. Біз сіздерді қуана қарсы аламыз!» — деді Си Цзиньпин.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алған еді. 

Соңғы жаңалықтар