Си Цзиньпин Ресейге үш күндік сапармен барады

АСТАНА. KAZINFORM - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 7-10 мамыр аралығында Ресейге ресми сапармен барады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады

Си Цзиньпин Ресейге үш күндік сапармен барады
Фото: Синьхуа

Қытай басшысы Екінші дүниежүзлік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысатыны атап өтілді. Сондай-ақ мемлекет басшылары арасында келіссөздер жүргізіліп, құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

— Келіссөздерде жан-жақты серіктестік пен стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі дамытудың негізгі мәселелері, халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер талқыланады. Бірқатар екіжақты үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Си Цзиньпин Вьетнам, Малайзия және Камбоджаға мемлекеттік сапармен баратыны жайлы хабарланды.

Си Цзиньпин АҚШ-пен «сауда соғысы» аясында одақтастарымен қарым-қатынасты нығайтып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар