Си Цзиньпин Таяу Шығыста қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM - Қытай көшбасшысы Таяу Шығыста қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру бастамасын көтерді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Сәрсенбі күні Каирде Мысыр Президенті Абдель Фаттах әс-Сисимен келіссөздер барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өңірде қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыруға қатысты төрт тармақтан тұратын ұсынысын таныстырды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Xi calls for deepening China-Egypt cooperation, raises Mideast proposal
— 中华人民共和国商务部MOFCOM (@MOFCOM_China) September 3, 2026
Chinese President Xi Jinping on Wednesday called on China and Egypt to support each other, deepen cooperation, and continue advancing the building of a China-Egypt community with a shared future amid a… pic.twitter.com/TOklGbegeS
Си Цзиньпин Таяу Шығыс елдері өз болашағын өздері айқындауы, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты нығайтуы және сыртқы араласуға қарсы тұруы қажет екенін айтты.
— Таяу Шығыс халықтары өз істерінің қожайыны болып қалуы керек. Қытай өңір елдерін бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты нығайтуға, Таяу Шығыста қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құру мүмкіндіктерін зерделеуге және өз болашағын дербес айқындауға қолдайды, — деді ҚХР төрағасы.
Еске салайық, Си Цзиньпин сейсенбі күні Мысырға мемлекеттік сапармен барды. Бұл оның соңғы төрт жылдағы Таяу Шығысқа жасаған алғашқы сапары болды. Сапар Қытай мен Мысыр арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
الرئيس عبد الفتاح السيسي يستقبل الرئيس الصيني ويشهدان توقيع اتفاقيات بين البلدينhttps://t.co/pKbF3SEuhp#السيد_الرئيس_عبدالفتاح_السيسي#الجمهورية_الجديدة#موقع_الرئاسة
— رئاسة جمهورية مصر العربية (@EGPresidency_AR) September 2, 2026
Қытай көшбасшысы өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзара байланысты көптеген шиеленіс ошақтарын ескере отырып, кешенді тәсіл қолдануға шақырды. Оның айтуынша, Палестина мәселесі Таяу Шығыстағы проблемалардың өзегінде тұр және оны екінші орынға ысыруға болмайды.
Си Цзиньпин бастамасының тағы бір бағыты ретінде экономиканы ұзақ мерзімді тұрақтылықтың негізі ретінде дамытуды атады. Қытай сондай-ақ Таяу Шығыс елдерімен халықаралық теңіз жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.
Сонымен қатар ҚХР төрағасы БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық негізінде өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық үйлестіруді күшейтуге және Таяу Шығыс елдеріне қатысты қосарлы стандарттардан бас тартуға шақырды.
Абдель Фаттах әс-Сиси бұл бастаманы қолдап, Мысырдың шиеленісті бәсеңдету және өңірлік қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерделеу үшін Қытаймен үйлестіруді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Сапар барысында тараптар қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде де уағдаласты.
Сапар аясында Қытай мен Мысыр цифрлық экономика, ғылым және технология, білім беру, көлік және басқа да бағыттарды қамтитын 20-дан астам құжатқа қол қойды.
Chinese President Xi Jinping left Cairo on Wednesday after paying a state visit to Egypt.#XiJinping #Xiplomacy #statevisit pic.twitter.com/QYkQ5GDU8D
— China Xinhua News (@XHNews) September 3, 2026
Қазақстан мен Қытай дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуын атап өтуге дайындалып жатыр.