Си Цзиньпин Трамппен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА. KAZINFORM - Жұма күні Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Синьхуа.

Қытай мен АҚШ екі елдің және әлемнің игілігі үшін серіктес әрі дос бола алады. Бұл туралы Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен кезде айтты.
Си Цзиньпин Трамп қызметіне кіріскеннен кейін Қытай-Америка қарым-қатынастарының одан сайын жақсара түсетініне сенім білдірді.
«Қытай-американ сауда-экономикалық қарым-қатынасының мәні өзара тиімділік пен ортақ пайда табуда жатыр», - деп келтіреді Синьхуа ҚХР басшысының сөздерін.
Өз кезегінде Си Цзиньпин Қытай мен Америка Құрама Штаттары серіктес екі елдің және жалпы әлем елдерінің игілігі үшін көбірек мағыналы және игі істер жасауға ұмтылатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ Конгресінде Гренландияны сатып алу туралы заң жобасы ұсынылғанын хабарлаған едік.