Си Цзиньпин жемқорлықпен күресті күшейтуге шақырды
Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің (ҚКПОК) бас хатшысы Си Цзиньпин созылып кеткен жемқорлықпен күресте жеңіске жетуге шақырды. Қытай көшбасшысы Бейжіңде ашылған ҚКП Орталық комиссиясының тәртіпті тексеру бойынша пленарлық отырысында осындай мәлімдеме жасады, делінген Xinhua мәлімдемесінде, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
— Кейінгі 10 жылда қолға алынған жемқорлықтың алдын алу іс-шараларының арқасында жемқорлыққа қарсы күресте жеңіске жетіп, барлық саладағы консолидацияға қол жеткіздік. Соған қарамастан жағдай күрделі әрі қиын болып қала бермек. Біз жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа жағдай мен жаңа үрдісті анық түсініп, жемқорлық пайда болатын орта мен жағдайды біліп отыруымыз керек, - деп жазды Си Цзиньпин сөзін Xinhua.
Сондай-ақ Си Цзиньпин қаржы, мемлекеттік кәсіпорындар, энергетика, медицина мен инфрақұрылым жобалары салаларында жемқорлықты жою бойынша күш біріктіруге шақырды.
2023 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Қытайдың тәртіптік және бақылау ведомстволары 470 мың іс қозғады, оларға ҚКП ОК Ұйымдастыру бөлімінде тіркелген 54 лауазымды тұлғаның қатысы бар болып шықты.
Өткен жылдың екі айында 405 мың адам жазасын өтеді, оның 34-і – өңірлік немесе министрлік деңгейіндегі лауазымды тұлға.