Сиам егізі Зитаны Мәскеу ауруханасынан шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу ауруханасынан 28 тамызда қырғызстандық белгілі екі егіздердің бірі Зита Резаханованы шығарды, деп хабарлады lifenews.ru.
None
None

Анасының сөзіне қарағанда, 23 жастағы қыз соңғы аптада өзін жақсы сезінген. Ақ халаттылар Зитаның жағдайын ретке келтіріп, үйіне жіберген.

12 тамызда 23 жастағы Зита Резаханова ауыр халде Мәскеу ауруханаларының бірінің реанимация бөліміне жеткізілген болатын.

Еске сала кетейік, сиам егіздері Зита мен Гита Резахановалар 1991 жылы 19 қазанда Шу облысы Сокулук ауданы Батыс ауылында дүниеге келген. Екі қыздың ортақ үш аяғы, ортақ жамбасы болған. 2003 жылы 26 наурызда Мәскеуде Филатов атындағы балалар клиникалық ауруханасында 30 адамнан тұратын бір топ ресейлік хирург Александр Разумовскийдің басшылығымен егіздерді бөлу бойынша сәтті ота жасады. Зита мен Гита сәтті бөлінген әлемдегі тұңғыш әрі жалғыз сиам егіздері.

Соңғы жаңалықтар