Сиан қаласында ҚР Ұлттық музейінің көрмесі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Сиан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жәдігерлерінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
«Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» деп аталатын көрмені Шэньси провинциясы Мәдени ескерткіштер басқармасы ұйымдастырды. Мұнда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінен әкелінген 370 жәдігер қойылған.