Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер аутсорсингке беріле ме

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді аутсорсингке беру мүмкіндігіне қатысты сауалына жауап берді.

Олжас Бектенов
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі 2020 жылы заңнамамен бекітілген және квазимемлекеттік сектордағы жемқорлықты болдырмау және алдын алудың тиімді құралдарының бірі саналады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне әдістемелік қолдау, оқыту және ақпарат алмасу жолдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді үйлестіру өкілеттігі берілген», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, агенттік «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерге бойынша ереже енгізу арқылы оларды күшейту бөлігінде түзету әзірлеген.

«Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен шартттарды төмендету бойынша шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып, агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін аутсорсингке беру формалды тәсілге алып келеді деп есептейді. Мұндай жағдайда комлаенс/сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері функциясының тәуелсіздік ұстанымы және оның ұйымның жоғары басқару органына есептілігі жойылады деп санайды», - деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар