Сібір жарасы кезінде қолданылған вакцина Еуропаға сараптамаға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда сібір жарасына қарсы қолданылған вакцина Еуропаға сараптамаға жіберілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген ресми жауабында ҚР АШМ мәлім етті.

Сібір жарасы кезінде қолданылған вакцина Еуропаға сараптамаға жіберілді

Ведомстовның хабарлауынша, түйнемеге қарсы егілген вакцинаның сапасын енді еуропалық мамандар тексереді.

Министрліктің мәлім еткеніндей, 2016 жылы көктем басында барлық өңірлерде сібір жарасына қарсы вакцина егу 100 пайыз атқарылған көрінеді. 

«Вакциналар елге жеткізілген кезде, оны екпес бұрын Ұлттық референттік орталығы оның сапасын жіті тексеруден өткізеді. Вакцина жеткізушелері оның паспорты мен сапа сертификатын ұсынады», - делінген хабарламада.

Зерттеу нәтижесі көрсеткеніндей, аталмыш вакцина барлық талаптарға сай болып шықты. Сонымен қатар вакциналардың сапасын анықтау мақсатында оның үлгілері РФ және Еуропаға жолданды.