Сібірдегі алапат орман өртінің түтіні Мәскеуге дейін жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сібір мен Оралда тыныс алу қиынға соғуда. Өңірді орман өрті салдарынан аспанды тұмшалаған қалың түтін басып тұр.
Иркутск пен Томск облыстарында жағдай барынша күрделі. Бурятия мен Краснояр өлкесінде өрт алаңы 5 мың шаршы метрден асты.
Жалын ошағы жетуі қиын тайгада болғандықтан, жағдай ушыға түсуде. Қосымша құтқарушылар күші жұмылдырылды. Олардың негізгі міндеті - жалыннан тұрғын үйлерді қорғау.
Түтін Мәскеуге дейін жетті. Түтін иісін қаланың бірнеше аудандарының (солтүстік батыс, солтүстік шығыс) тұрғындары сезінуде, деп жазды tvzvezda.ru.