Сібірдегі орман өрттерінің түтіні Моңғолия астанасын басып қалды

ҰЛАН-БАТЫР. Синьхуа-ҚазАқпарат – Ресейдің Сібір өңіріндегі алапат орман өрттерінен шыққан түтін Моңғолияның кейбір бөліктеріне, соның ішінде астанасы Ұлан-Батырға жетті. Бұл туралы сәрсенбіде Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Сібірдегі орман өрттерінің түтіні Моңғолия астанасын басып қалды

«Соңғы күндері Моңғолия астанасы, сондай-ақ елдің кейбір солтүстік және орталық аймақтары Сібірдегі орман өрттері салдарынан ақ түтінге оранды»-, делінген ресми хабарламада.