Сицилия жағалауынан «Атлантида алтыны» табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сицилияның оңтүстік жағалауында бұрынғы Гела грек колониясы ауданында апатқа ұшыраған ежелгі кеменің орнында жұмыс жасап жатқан итальяндық теңіз археологтары екі коринфтік шлемді, ежелгі құмыраны, Массалиялық құтыны және 47 орихалка құймасын тапқан.

Сицилия жағалауынан «Атлантида алтыны» табылды

2014 жылдың желтоқсан айында археологтар Атлантидадағы су түбіндегі кемеден 39 металл құйманы - Платонның сипаттауынша,  құны алтынмен пара-пар орихалканы тапқан кезде, бұл металл жұртшылықтың назарын өзіне аударған болатын.

«Атлантида алтыны» қалған табылған дүниелерді көлеңкесінде қалдырып кетті. Кеме және ондағы жүк туралы ақпарат өте аз: 2600 жыл бұрын ежелгі грек қаласы Гелаға жақын маңдағы жағалауда сауда кемесінің батып кеткені ғана белгілі. Бұл кеме қазіргі таңда 3-5 метр тереңдікте жатыр.

Бұл олжалар біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың соңы - VI ғасырдың басына тиесілі. Коринфейлік шлем - әскери техниканың бір бөлігі ретінде б.з.д. VI - V ғасырлар аралығында таралған, алайда ол Коринфте ғана жасалмады. Қазіргі таңда ол аса қымбат бағаланады. Оған  жақында өткен аукциондардың бірінде осындай шлемнің 174 мың долларға сатылғандығы дәлел бола алады.