Сицилияда әуежайдан ұшып шыққан ұшақ шассиі жағажайға құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Сицилия аралындағы Катания әуежайынан ұшып шыққан ұшақ шассиінің бір дөңгелегі жұлынып түсіп, сол маңдағы жағажайға құлады.

Сицилияда әуежайдан ұшып шыққан ұшақ шассиі жағажайға құлады

«Meridiana» әуекомпаниясына тиесілі ұшақ экипажы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. «Ұшақ Миланға бағыт алған болатын. Оқиғаға байланысты әуежайға қайта оралып, апатты жағдайда қонды. Экипаж мүшелері де, жолаушылар да зардап шеккен жоқ, деп хабарлады «Rai News 24» телеарнасына сілтеме жасай отырып «ТАСС» агенттігі.