Сидней қаласының полициясы бомба байланған қызды ұстауда
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Австралияның Сидней қаласында полиция өзін-өзі жарып жіберемін деп тұрған 18 жастағы қызбен келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Бойжеткеннің жергілікті тұрғын екені анықталып жатыр, алайда ол нақты қандай талап білдіріп отырғандығы туралы анық ақпарат жоқ. Жарылғыш зат қыздың мойнына байланған.
The Telegraph басылымының ақпараты бойынша, қыз басқа біреулердің құрбаны болуы мүмкін. Бомбаға нақты мазмұны белгісіз хат жапсырылған. Бомба байланған қыз осы қаланың ең бай әрі беделді отбасылардың бірінің мүшесі екені белгілі.
БАҚ-тарда жарылғыш затты қыз өзіне өзі байламаған деп жазылуда.
Оқиға орнына тез арада полиция мен саперлер шақырылды. Құқық қорғаушылар жақын жердегі үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, алаңды қоршауға алған.