Сиднейде студенттер мен полицейлер арасында қақтығыстан 40 адам жапа шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні студенттер Сидней орталығында ел үкіметінің әлеуметтік саясатына наразылық білдіріп, жиынға шықты. Шара білім министрі Кристофер Пайнның қатысуымен конференция өтіп жатқан ғимарат алдында ұйымдастырылды. Жастар бастапқыда министрге тіл тигізіп, кейін ғимараттың ішіне басып кірмек болған.
Полиция оларға қарсы жас шығаратын газды пайдаланды. Алдын ала болжам бойынша, шамамен 40 адам зардап шекті.
Бұл туралы ТАСС хабарлады.