Сиқырлы трансформацияның хас шебері Алтынай Байтоқанова өмірден озды

Бұл жайында қазақстандық әртістер Твиттерде жазды.
Танымал сиқыршы Алматы қаласындағы 12-ші қалалық ауруханада көз жұмған. «НТК» телеарнасындағы «ВУЗеры» сериалының продюсері Ақылбек Досжанов өз микроблогында жазғанындай, А.Байтоқановамен бақұлдасу шарасы сол ауруханада 13:00-де өтеді.
«31-ші телеарнаның» жазуынша, «Сиқыр әлемінің» қыр-сырына қаныққанша ол еден жуушы, жарық беруші және цирк менеджері болып еңбек еткен. Ал, Мәскеуде сиқыршылық өнерін меңгеру үшін ол жалғыз пәтерін сатуға мәжбүр болды. Дегенмен, ол ең бастысы- кәсіби маманға айналды. Алтынай әлемдегі ең мықты сиқыршылар ондығының қатарында. Оның өнерін Швейцария, Грекия, Италия, Польша, Түркия, Қытай және өзге де көптеген елдерде көрермендер ықыласпен тамашалады. Ал, Қытайда өткен сиқыршылардың Халықаралық фестивалінде Алтынай Бас жүлдені жеңіп алды. Жалпы, ол көрсеткен көріністер шын мәнінде нағыз сиқырға толы. Ол сахнадағы 7 минут ішінде 14 көйлек ауыстырып үлгеретін. Алтынай бұл уақыт ішінде өзін түрлі кейіпте көрсетеді.