Сильвестер Сталлоненің ұлы өз үйінде өлі табылды

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Голливудтың танымал актері Сильвестер Сталлоненің үлкен ұлы Сталлоне Сэйдж (Sage Stallone) өзінің Голлувидтағы үйінде өлі табылды, деп хабарлады РИА Жаңалықтар.

Сильвестер Сталлоненің ұлы өз үйінде өлі табылды

«Бұл трагедия. Ол жас, талантты, болашағынан үміт күттіретін кинематографист және тамаша адам болды», - деді қорғаушы Джордж Браунштейн. 36 жастағы Сэйдж Сталлоненің өлімінің себебі әзірше анықталған жоқ. Оның денесінде зорлық белгілері табылмады.

Сталлоненің үлкен ұлы актер, режиссер және кинопродюсер болды. Ол алғаш рет экранда «Рокки 5» драмасында көрінді. Онда Сэйдж картинаның басты кейіпкері өз әкесінің ұлын ойнады.