Сильвестр Сталлоне: Головкин - ұлы боксшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд жұлдызы Сильвестр Сталлоне Инстаграмдағы парақшасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің суретін жариялап, ұлы боксшы деп атады. Бұл жайлы Sports.kz хабарлайды.

Сильвестр Сталлоне: Головкин - ұлы боксшы

«Ұлы боксшы Triple G! Бүкіл әлем рематчты тағатсыздана күтуде! Әдемі жейде», - деп жазды Сталлоне.

Еске сала кетейік, Сильвестр Сталлоне Геннадий Головкиннің Марко Антонио Рубиомен өткізген жекпе-жегіне барған болатын.

Головкин мен Сауль Альварес арасындағы кезекті айқас 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.