08:44, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Сильвестр Сталлоне өзі туралы фильм түсірмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты Голливуд әртісі Сильвестр Сталлоненің анасы Джекки жуырда британдық БАҚ-қа берген сұхбатынде ұлы өзі туралы фильм түсіруге ниетті екенін айтты, деп жазады шетелдік БАҚ.

"Сильвестр өз биографиясы бойынша сценарий жазуда. Оның "Рэмбо-5", кейін Будапештте "Неудержимые-4" фильмдеріне түсу жоспары бар, ал бос уақытында өзі туралы фильммен айналысады", - деді 92 жастағы Джекки.
Сталлоненің актерлық карьерасының бастапқы кезеңі көрсетілетіні не көлеңкеде қалатыны белгісіз.