Сильвестр Сталлоненің ұлы неден көз жұмғаны анықталды

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Голливудтың танымал әртісі Сильвестр Сталлоненің ұлы Сэйдж Сталлоненің өлімінің себебі атеросклероз деп танылды, бұл оның жүрек талмасына ұшырауына әкеп соққан.

Сильвестр Сталлоненің ұлы неден көз жұмғаны анықталды

Бұл туралы Сэйдж Сталлоненің өлімі себептерін зерттеген лейтенант Фрэд Коррал хабарлады.   

РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, Сталлоненің отбасы өлімінің себебін анықтау мақсатында жүргізілген тексеру нәтижелерімен таныс болды, толық қорытынды келесі аптада жарияланатын болады. Естеріңізге сала кетейік, 36 жастағы Сэйдж Сталлоненің мәйіті 13 шілде күні Голливудтағы өзінің үйінде табылған болатын. Оның денесінде күш көрсету белгілері анықталмады. Полиция оның үйінен ауруды басатын дәрілерден басқа күдік тудыратын есірткі сияқты заттарды таппаған.