Сильвио Берлускониға оқтар мен күдікті ұнтақ салынған хат жіберілді
РИМ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Италияның пошта бөлімшелерінің бірінде елдің экс-премьері Сильвио Берлускониға жолданған, ішіне оқтар мен күдікті ұнтақ салынған хат табылды.
Бұл туралы итальяндық БАҚ-тар хабарлауда.
Пошта қызметінің жұмысшылары конверттердің бірінде оқтар мен ұнтаққа ұқсас заттар барын анықтағаннан кейін полицияны шақырған. Күдікті заттарды анықтауға елдің барлық пошталық қызметтері жабдықталған арнайы рентгендік аппараттар көмектесті. Конверттің ішіндегі заттарды зерттеумен полиция айналысатын болады.