Silk Way Star: Әзербайжан әншісі жобамен қош айтысты

АСТАНА. KAZINFORM — Silk Way Star байқауының екінші кезеңі аяқталды. Бүгін әділқазы алқалары 12 өнерпаздың ішінен жобамен қош айтысатын қатысушыны анықтады.

Silk Way Star: Әзербайжан әншісі жобамен қош айтысты
Фото: sabinazadehmusic

Халықаралық жарыста алғаш болып Әзірбайжанның атынан сынға түскен Сабина Задех өз еліне қайтады. Ол бүгін бірінші болып өнер көрсеткен еді. Әнші екінші айналымда «Show me how you Burlesque» әнін орындаған. Алайда қазылар алқасы өнерпаз ырғақ үйлесімін сақтамады деген пікір білдірді. Бүгінгі баға бойынша 106 балл алған әзірбайжандық қатысушы жалпы есепте 210 ұпай жинады.

– Талант бағамен өлшенбейді. Мен өз өнеріме сенемін, - деді Сабина Задех.

Айта кетейік, Silk Way Star жобасына қатысып жатқан малайзиялық-филиппиндік әнші қазақстандық тыңдарманды баурап алды.

Соңғы жаңалықтар