Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Silk Way Star жобасының екінші маусымы Қытайдың Иу қаласында басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Иу қаласында қазақстандық Silk Way Star халықаралық вокалдық шоуының екінші маусымының түсірілімі ресми түрде басталды. Ауқымды телевизиялық жоба Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің өнерпаздары мен көрермендерін біріктіреді, деп хабарлайды Kazinform.

Музыкальный конкурс Silk Way Star официально запустили на Всемирном медиафоруме в Китае
Фото: cctvnews

Иу қаласында өткен ресми рәсімде сөз сөйлеген «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған 2025 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин осы жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойғанын атап өтті.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біздің жобамызды «заманауи мәдени дипломатияның үлгісі» деп атады. Шығармашылық пен талант арқылы біз халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтамыз. Silk Way Star жобасының басты миссиясы да осында, – деді Еркежан Күнтуған.

ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың CMG Медиакорпорациясы бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаның екінші маусымы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық және медиа саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады.

Иу қаласындағы бір сахнада әлемнің 12 елінен келген жетекші вокалистер өнер көрсетеді. Олар – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузия өкілдері. Қазақстан атынан әнші Рухия Байдүкенова қатысады.

Екінші маусымның форматы да жаңартылған. 10 шығарылым бойы барлық қатысушы жобада өнер көрсетуін жалғастырады, ал жеңімпаз жинаған ұпайлардың жалпы нәтижесі бойынша анықталады.

Мұндай формат көрермендерге әрбір орындаушыны, оның вокалдық ерекшелігін және өзі таныстыратын елдің мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Президент Silk Way Star-дың шетелдегі еліміздің ең танымал әрі беделді медиажобаларының біріне айналғанын жеткізді.