Silk Way Star жобасына филиппиндік TikTok жұлдызы келді
АСТАНА. KAZINFORM — 14 миллион көрермені бар TikTok жұлдызы Қазақстанда жүр. Филиппиндік блогер Silk Way Star жобасына қатысып жатқан малайзиялық әнші Язмин Азизді қолдауға келген, деп хабарлайды Jibek Joly телеарнасы.

Саймон Хавьер (Simon Javier) қазақ халқының қонақжай, дархандығына тәнті болғанын айтады. Танымал тиктокер ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, ет пен құртқа құмартып қалыпты.
@simonjosephjavier Ask us any questions in the comments below 😍
♬ original sound - Song Lyrics
— Silk Way Star музыка арқылы әлемді бірлікке шақыратын алаң. Сондықтан болашақта Филиппин елінің де қатысқанын қалаймын, — деді тикток жұлдызы.
Блогер әнші Язмин Азизге қолдау көрсету үшін 15 сағат жол жүріп келгенін айтты.
@simonjosephjavier SHE DID IT AGAIN 😍🏆 1ST PLACE OVERALL WINNER FOR EPISODE 2 ON SILK WAY STAR ✨ I’m so happy I was there to support you in Kazakhstan. I’ll always give you the biggest support 🥰 We are so proud of you baby @Yazmin Aziz ♬ original sound - Simon Says Vlog 🔥
— Мен Язминді мақтан тұтамын. Себебі Малайзия елін үлкен жобада таныстыру — үлкен мәртебе. Ол міндетті түрде елінің артқан сенімін ақтайды. Біздің қарым-қатынасымыз қашықтықта, ол өз елінде, ал мен Филиппинде. Бірақ осы жоба бізді де жақындата түсті. Сүйіктімді қолдау үшін Филиппиннен Малайзияға, одан Қазақстанға ұшып келім, 15 сағат жол жүрдім. Болашақта жобаға Филиппин елінің де қатысқанын қалаймын. Congratulations Silk Way Star! Amazing! — деді Хавьер.
Айта кетейік, алдымыздағы демалыс күндері Silk Wаy Star мегажобасының екінші айналымы өтті. Азияның 12 құрлығынан келген таланттар әлемдік хиттерді шырқады. Бұл жолы төрешілер Қазақстан атынан шыққан Әлем мен Армениядан келген Саро Геворгянның өнерін жоғары бағалады. Ал екі кезең қорытындысы бойынша малайзиялық әнші Язмин Азиз ең көп ұпай жинап, көш бастады. Жобамен Әзербайжан елінің намысын қорғаған Сабина Заде қоштасты.