09:30, 04 Шілде 2024 | GMT +5
Silk Way телеарнасы ШЫҰ саммитінен тікелей эфирде хабар таратады
АСТАНА. KAZINFORM – Телеарнаның мобильді студиясынан тілшілер күні бойы белгілі, беделді спикерлермен эксклюзивті сұхбат жүргізеді.

Саммит аясындағы оқиғалар мен ел басшыларының қол алысуы сияқты рәсімдер тікелей эфирде көрсетіледі.
Хабар тарату сағат 10.00-де басталады.
Еске салсақ, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.
Астана саммитінен бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы толыққанды «Шанхай ондығы» форматында жұмыс істейді. Бұл туралы Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.