Silk Way телеарнасында Астана мен Бейжің арасындағы телекөпір өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің алдында Silk Way және CGTN студияларында қазақстандық және қытайлық сарапшылардың қатысуымен телекөпір ұйымдастырылады.

Қытаймен телекөпір
Фото: Қытаймен телекөпір

Телекөпір барысында өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, «үш залым күшке» бірлесіп қарсы тұру, ШЫҰ-на қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту сияқты мәселелер қаралады. Олардың арасында әрине, Silk Way мен CGTN телеарналарының кәсіби серіктестігін дамыту да бар. Атап айтқанда Silk Way телеарнасында CGTN-мен ынтымақтастық аясында «Жібек жолы симфониясы: Алғашқы онжылдық» атты документалды фильм мен «Шанхай рухы» атты студиялық ток-шоуы көрсетіледі.

Астана мен Бейжің арасындағы телекөпір Silk Way телеарнасының эфирінде көрсетіледі.

Қазақстан көрермендері үшін көрсетілетін эфир уақыты: 28 маусым, Астана уақыты бойынша сағат 19:00.

Шетелдік көрермендер үшін: 29 маусым, Астана уақытымен сағат 01:00.

Silk Way – ел аумағынан тыс хабар тарататын Қазақстанның алғашқы спутниктік телеарнасы. Телеарнаны 118-ден астам елден көруге болады. Ол қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз, өзбек, түрік сияқты 6 тілде хабар таратады.

СGTN – Қытай Халық Республикасының жаһандық телевизиялық желісі. СGTN телеарналарын әлемнің 160-тан астам ел мен өңірінен тамашалауға болады.

Соңғы жаңалықтар