Silk Way телеарнасы Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапарын тікелей эфирден көрсетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келді. Қазақстан мен Әзербайжан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келіссөздердің күн тәртібінде Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық әріптестігін дамытудың негізгі мәселелері бар.
Ильхам Әлиев кортежінің Ақордаға келуі мен оның Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуін Silk Way арнасының тікелей эфирінде сағат 14.50-де Әлемдік экономика және саясат институның саясаттанушысы Ерсұлтан Жансейітов пен Jibek Joly телеарнасының жүргізушісі Айнұр Иманғали ағылшын тілінде ақпарат таратады.


Соңғы жаңалықтар