СІМ: Адамзат тарихындағы залымның біріне арналған бұл журналдың шығуын орынсыз деп санаймыз
Ресми орган таратқан мәлімдеменің толық мәтіні төменде көрсетілген:
«Бұл миллиондаған адамдардың, әсіресе фашизмге қарсы қайсарлықпен күрескен, отанымызды жан түршіктірген гитлерлік машинадан қорғаған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және соғыс алаңында қаза тапқан жауынгерлердің сезімдері мен жадын жәбірлеушілік деп білеміз.
Қазіргі таңда Қазақстанның құзыретті органдары аталған журналдың мазмұнына қатысты Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларына қарама-қайшылығы тұрғысынан заңды баға берумен айналысуда, соның нәтижелері бойынша қорытындылар шығарылып, тиісті шаралар қолданылатын болады.
Аталмыш басылымның шығуына байланысты Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен нота келіп түсті, оған жауап дипломатиялық арналар арқылы жолданатын болады».