СІМ Бакуде апатқа ұшыраған кеменің Қазақстанға тиесілі екендігін теріске шығарады

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат  - ҚР Сыртқы істер министрлігі бірқатар БАҚ таратқан Әзірбайжанда апатқа ұшыраған кеменің Қазақстанға тиесілі екендігін теріске шығарады.

СІМ Бакуде апатқа ұшыраған кеменің Қазақстанға тиесілі екендігін теріске шығарады

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

«Бірқатар отандық және шетелдік БАҚ-та дәйексіз әрі бұрмаланған ақпараттың жариялануына байланысты мынаны хабарлаймыз: Бакудегі Қазақстан Елшілігінен алынған ақпаратқа сәйкес, Әзірбайжанның Мемлекеттік теңіз басқармасы 2012 жылғы 16 ақпанда Бакудың Хатаин ауданы аумағындағы «Зых» портында жарылған «Сана» балықшылар кемесі қазақстандық емес. Сондай-ақ жарылыстың салдарынан жапа шеккендер мен қаза болғандар арасында да Қазақстанның азаматтары жоқ», - делінген ресми өкіл А. Әбибуллаев таратқан ақпаратта.

Тоқтала кететін жайт, алдын ала мәліметтер бойынша Бакудегі кеме жарылысы электрмен дәнекерлеу барысында орын алған көрінеді. Әзірбайжанның құзырлы органдары оқиға орнында тергеу жүргізуде.