СІМ-де Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломатиялық корпустың қатысуымен «Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жақсарту» атты дөңгелек үстел өтті.
None
None

Аталған іс-шарада ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев және ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.Жошыбаев, сондай-ақ «Kaznex Invest» инвестиция және экспорт ұлттық агенттігі басшылығы сөз сөйледі, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Іс-шараның мақсаты - дипломатиялық өкілдіктер арқылы шетелдік ресми, экономикалық және іскерлік топтарды Қазақстанда өткізілетін инвестициялық климатты жақсарту, сондай-ақ оларды отандық экономиканы дамытудың негізгі бағыттары және басым секторлары туралы хабардар ету.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев өз сөзінде отандық экономиканы индустрияландыру және жаңғыртужұмыстарын жеделдету жөнінде мемлекеттің алдыға қойған міндеттерін назарға ала отырып, Елбасының инвестициялық климатқа және мемлекеттегі басым жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тартуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

Қазақстанның маңызды сыртқы саяси басымдығының бірі шетелдік әріптестермен экономикалық және сауда дипломатиясын жандандыру болып табылады. Р.Жошыбаев дипломатиялық корпустарды осы бағытта бірлесе белсенді жұмыс атқаруға шақырды.

Министр Әсет Исекешев индустрияландырудың бірінші бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша қол жеткізген нәтижелерді, сондай-ақ екінші бесжылдықтың бастапқы бағыттарын және елҮкіметінің шетелдік инвесторларды қолдау жөнінде қабылдап жатқан шаралар туралы шетелдік дипломаттарды хабардар етті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында кең ауқымды пікір алмасулар өтті. Шетелдік дипломаттар өз елдерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстандағы инвестициялық жобаларды өзара тиімді бірлесе іске асыру мүмкіндіктерін өз елдеріндегі іскерлік топ өкілдеріне жан-жақты хабарлауға дайын екендіктерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар