Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Симферопольден Петерборға ұшқан ер адам ұшақ бортында қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Симферопольден Петерборға бағыт алған ұшақ бортында 1957 жылғы жолаушы-ер адам қайтыс болды. Бұл туралы «Интерфакс» төтенше қызметтер дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Симферопольден  Петерборға ұшқан ер адам ұшақ бортында қайтыс болды

Ұшақ Мәскеу өңіріне жақындағанда жолаушының жағдайы нашарлаған. Әуе кемесінің командирі апатты жағдайда Мәскеудің Внуково әуежайына қонуға шешім қабылдаған.

Әуежайда бір топ дәрігер ұшақты күтіп тұрды. Бірақ жолаушы лайнер салонында көз жұмған.