Симонетте Соммаруга Швейцарияның келесі президенті болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария Парламенті 2015 жылға конфедерация президенті етіп осы елдің әділет департаменті басшысының қызметіндегі Симонету Соммаругуды сайлады, деп хабарлады сәрсенбі күні батыстық БАҚ.
Швейцарияның социал-демократиялық партиясының өкілі 54 жастағы Соммаругудың кандидатурасын дауыс беруіне қатысқан 236 парламентшінің 181-і қолдады. Ол қазіргі Конфедерация президенті Дидье Буркхальтерді ауыстырады.
Соммаруга пианиношы білімін алған және мансабы басталғанға дейін концерттік қызметпен айналысқан.