Синай түбегінде экспорттық газ құбыры жарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың Синай түбегінің солтүстігіндегі экспорттық мұнай құбыры жарылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Хабарламаға сәйкес, дүйсенбі күні кешкісін экстремистер Эль-Ариш қаласының манындағы Иорданияға газ тасымалдайтын құбырлар мен кәсіпорынды жарып жіберген.
Куәгерлердің айтуынша, экстремистік топ газ құбырының астына жарылғыш затын қойып, өздері таулы аймақта тығылып қалған. Арада шамалы уақыт өткен соң жарылыс болып, құбырдан өрт шықты. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы әзірге нақты дерек жоқ