Синдзо Абэ Жапония премьері болып қайта сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның басқарушы либералдық-демоктариялық партиясының көшбасшысы Синдзо Абэ елдің премьер-министрі болып қайта сайланды, деп хабарлады Би-би-си.

Синдзо Абэ Жапония премьері болып қайта сайланды

Оның кандидатурасын жапон парламентінің төменгі палатасының 328 депутаты қолдады.

Абэнің қарсыласы Кацуя Окаданың оппозициялық демократиялық партиясының атынан 73 дауыс жинады.

14 желтоқсанда жапонияда төменгі палатаға мерзімінен бұрын сайлау өтті. Оның нәтижесінде Либералды-демократиялық партия мен оның басқарушы коалиция бойынша серіктесі 475 депутаттық мандатынан 326 дауыс жинады.