Синдзо Абэнің ресми сайтына кибершабуыл жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хакерлер Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің ресми сайтына шабуыл жасап, оны бұзған, деп хабарлады 24.kz.

Синдзо Абэнің ресми сайтына кибершабуыл жасалды

Кибер шабуылды «Анонимус» хакерлер тобы өз мойынына алды. Қазірде сайтқа кірудің құпия кілті қалыпқа келтіріліп, тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын тексеруде. Айта кету керек, 12 жыл бұрын құрылған «Анонимус»тобы әлі күнге дейін осылай түрлі елдердің үкіметтік сайттарына шабуыл жасап келеді.

Ёсихидэ Суга, Жапония үкіметінің бас хатшысы: - «Анонимус» хакерлері кибершабуылды мойындағанымен, бізде әлі ресми дәлел жоқ. Полиция іске қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Біз ақпараттың барлығын егжей-тегжейлі қарап шығуымыз керек.