Сингапур әуежайында сегіз жыл өмір сүрген әйел
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингуапур халықаралық әуежайында жергілікті әйел сегіз жыл бойы тұрып келеді, деп жазды Strait Times.
Баспана немесе құжаты жоқ күту залындағы өзге қаңғыбас көршілерден айырмашылығы, оның қаланың өзге ауданында үш бөлмелі пәтері бар.
2008 жылғы қаржылық дағдарыс кезінде әйел ақша тапшылығынан әуежайда уақытша тұруға бел байлаған және бірнеше жылға қалып қойған. Ол өз пәтерін жалға берген.
Ол әуежайдың қолайлы жағдайына үйреніп қалды. Күту залында үнемі салқындатқыш істеп тұрады, фуд-корт және супермаркеттер бар, душ пен тегін Wi-Fi қолдануға болады. Ол өз пәтерін сатуды жоспарлап отыр, әуежайдан әзірге кетер түрі көрінбейді.
Одан бөлек, Сингапур әуежайында 10 адам өмір сүруде.