Сингапурда мыңдаған еріктілер қаланы қоқыстан тазартуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурда мыңдаған адам көшелер мен саябақтардан қоқыстарды жинаудың алғашқы бүкілхалықтық науқанын өткізді, деп хабарлады Би-би-си.

Сингапурда мыңдаған еріктілер қаланы қоқыстан тазартуда

«Біз барлығын тазартамыз» операциясы» деп аталған науқан жексенбі күні күнұзағына жалғасты.

8 мыңға жуық еріктілер қоқысты 130 жерде тазартумен айналысты. Халыққа тәулігіне қанша қоқыс жиналатынын көрнекі дәлелдеу үшін өкімет орындары сенбі күні қаланың қоқыс жинаушыларына демалыс берген.